Шымкенттегі құпия схема: ұйымдасқан қылмыстық топ жүргізуші куәлігін берумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шымкентте жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р. Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлға жүргізуші куәлігін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

"Бұл "қызмет" үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алған. Нәтижесінде 500-ден аса адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған. Тергеу аясында күдіктілердің 200 млн теңгеден аса сомаға бағаланған мүлкіне, 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 өлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Шымкентте кейінгі жылдары жол апаты жиілеген. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети