Шымкент мұнай өңдеу зауыты аумағында мердігер компанияның екі қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Бұған дейін желіде 26 тамызда Шымкент МӨЗ аумағында адам өліммен аяқталған қайғылы жағдай болғаны туралы ақпарат тараған еді. Автомұнараның аударылуы салдарынан мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапқаны хабарланды.
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС ресми пікірі
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"26 тамызда сағат 14:30-да оқшаулау жұмыстары кезінде автомұнара аударылып, екі адамның қазасына әкелді. Жұмысты мердігер ұйым – "КРС Астана" ЖШС орындаған. Қаза болғандар "КРС Астана" ЖШС-нің жұмысшылары болған. Бұл жағдайдың себебін арнайы құрылған жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр", – делінген хабарламада.
Компания басшылығы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!