Шымкент ауруханаларында тәріпсіздіктер кезінде зардап шекен 48 адам жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Шымкент ауруханаларында тәріпсіздіктер кезінде зардап шекен 48 адам жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің бесеуі ауыр жағайда, жансақтауда жатыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқастардың көпшілігі оқ тиіп, ауыр жарақат алып түскендер.
Ұлттық гвардия қолбасшысы 24 жасатағы Самандар Бақтиярұлы тәртіпсіздіктер басталған күні жараланған. Орталық алаңды бақылау кезінде оң иығына оқ тиіп, қолы сынған. Оған ота жасалған, қазір ем қабылдап жатыр.
"Әскери бөлімге дабыл түсіп, сол жаққа шықтық. Оқ тигеннен кейін ауруханаға жеткізді. Не болғанын еміс-еміс білемін", - дейді Самандар.
Шымкенттегі тәртіпсіздіктер кезінде ауруханаларға 100-ден аса адам жүгінген. Оларың жартысы әскерилер мен құқық қорғау қызметкерлері. Қазір көпшілігі өз өтініші бойынша ауруханадан шығып, қызметіне оралған.
"Қазір Шымкент ауруханаларында 40-тан аса науқас емделіп жатыр. Көбінде оқ жарақаты немесе басқа ауыр жарақаттар", - деді Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов.
Бас дәрігер мәліметінше, 2 медицина қызметкері жараланған, 7 жедел жәрдем көлігі бүлінген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!