Бүгін шырайлы Шымкенттен Мәдени астана эстафетасы салтанатты түрде Душанбеге жолданды. Салтанатты жиын Цитадель қалашығында ұйымдастырылды.
Бүгін шырайлы Шымкенттен Мәдени астана эстафетасы салтанатты түрде Душанбеге жолданды. Салтанатты жиын Цитадель қалашығында ұйымдастырылды.
"Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылы бүкіл әлемді жайлаған пандемиямен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан осы жылдың аясында шымкенттіктер өздерінің еңбекқор, мейірімді, достыққа адал әрі жаңашылдыққа бейім екенін көрсете білді. Карантин достығымызға сызат түсіре алған жоқ.
Айтулы жылдың тікелей эфирде өткен салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
"Тарихы тереңде жатқан көне шаһар - Шымкент қазір де ТМД ғана емес, бүкіл Азиядағы мәдениеті бай әрі саналуан қалалардың бірі.
"Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылы бүкіл әлемді жайлаған пандемиямен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан осы жылдың аясында шымкенттіктер өздерінің еңбекқор, мейірімді, достыққа адал әрі жаңашылдыққа бейім екенін көрсете білді. Карантин достығымызға сызат түсіре алған жоқ. Пандемияға қарамастан жыл бойына онлайн форматта 1700-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сөйтіп, тарихымыздың тереңде жатқанын, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бай екенін бүкіл әлемге тағы бір мәрте паш еттік. Бүгін осы іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, жабылу салтанатының негізгі бөлігі Цитадельде өткенімен, қаланың көрнекті орындарында бес бағытта іс-шаралар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, поэзия және әдебиет, театр мен кино, музыка, бейнелеу өнері және қолөнер шеберлерінің концерттері мен көрмелері көрермен назарына ұсынылды.
Мәселен, Шымкенттегі бес кәсіби театрдың шығармашылық ұжымдары Арбаттағы сахнада өздерінің үздік қойылымдарынан үзінділерді ойнап, көрермен назарына ұсынды. Ал, Абай саябағында "Әжелер" хоры халық әндерін нақышына келтіріп орындап жатты. Трансляция кезінде осының бәрін бүкіл ТМД елдерінің халқы тікелей эфирде тамашалады.
2021 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне Душанбе қаласы ие болып отыр. Шаһар басшысы тәжікстандық делегация өкілдеріне эстафетаны тапсыра отырып, қонақтарға "Достық сыйы" атты топтама тарту етті. Қазақ халқының дархан да қонақжай болмысын білдіретін "Достық сыйына" Шымкенттің 2200 жылдық тарихы жазылған 2200 кітап, қаламыздың символына айналған қызғалдақтың 2200 түбі және қала тұрғындарының душанбеліктерге ыстық лебізі мен сәлемі жазылған 2200 ашық хат қосылған.
Бұл сыйлықтарды қала әкімі тарту етіп отырып, келесі жылы көктемде Душанбеде Шымкенттің қызғалдақтары жайқалып өсіп тұратынын қуанышпен жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!