Шымкенттік әйел сауда орталығында босанды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: otyrar.kz Фото: otyrar.kz

Шымкентте сауда орталығының қызметкерлері мамандықтарын ауыстырып, акушер болуға мәжбүр болды. Кеше аталған сауда орталығында сағат екілер шамасында 27 жастағы келіншек босанды. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, шарананы аман-есен тудырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте сауда орталығының қызметкерлері мамандықтарын ауыстырып, акушер болуға мәжбүр болды. Кеше аталған сауда орталығында сағат екілер шамасында 27 жастағы келіншек босанды. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, шарананы аман-есен тудырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, басында олар абдырап қалған, бірақ кейін бірігіп көмек көрсетуге тырысқан. Босанған әйелдің өзі есеңгіреп қалды. Нәресте  сауда орталығы қызметкерлерінің көмегінің арқасында дүниеге келді. Келіншек босануға жағдай жасалған киіну бөлмесінде босанды.

Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см. Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

"Жағдайы жақсы. Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Ана мен балаға алғашқы көмек көрсетіліп, қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайлары жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр".

Еске салайық, бұл сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлері босандырған екінші жағдай. 2019 жылдың ақпанында қызметкерлер 23 жастағы келіншектің босануына көмектескен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro