22 сәуір 2023 17:36

Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған балаға 19 рет ота жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қатты күйіктен 19 ота жасатқан 10 жастағы баланың жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Шымкентте қатты күйіктен 19 ота жасатқан 10 жастағы баланың жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын. Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.

Бүгінде дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа 13 рет теріні ауыстыру операциясын және некрэктомия жасады.

Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болып, қазір палатаға ауыстырылған.

"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды, - деді ол.
Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети