Шымкенттік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды Сурет: Мирас Сейлханның жеке мұрағатынан

Шымкенттегі "Білім-Инновация лицейінің" 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі "Білім-Инновация лицейінің" 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мирас Сейлхан - өзі оқитын мектептің президенті, Z ұрпағына арналған BIL PRESS редакциясының негізін қалаушы, оған қоса BIL VOLUNTEERS еріктілер клубын ашқан.

Ол шетел оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сынып соңында бастаған. Бұл үшін IELTS, Duolingo сияқты тесттерді тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Мысалы, Duolingo-дан 135, IELTS-тан 8.0 жинады. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған. 

"Сол уақыттан бастап осы 11-сынып соңына дейін тек университетке түсу үшін уақыт жұмсадым", - дейді ол.

Осылайша, Мирас шақыру алған оқу орындарының 12-сі АҚШ-та, бесеуі Ұлыбританияда, бесеуі Канадада, біреуі Испанияда, төртеуі Аустралияда және тағы басқалары. 

Әзірше ол Colgate University, London School of Economics немесе Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр. Оның болашақ мамандығы - қаржы және экономика саласымен байланысты.

Мирас Сейлхан университеттерден шақырту алуына кімдер үлес қосқанын айтты.

"Әр қадамымды бақылап отырған мұғалімдерім, мектепті бітіріп кеткен ағалар көмек берді", - дейді оқушы.

Мирас Сейлханның арманы - Қазақстанды жаңа деңгейге көтеру.

"Арманым өтірік болып көрінуі мүмкін. Пікірлерде көбі мені шетелде қалып қояды деп жазып жатыр, алайда бұл мен ойлаған нәрсе емес", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети