Шымкенттік TikTok-блогер тікелей эфирдегі “киімі“ үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік TikTok-блогер тікелей эфирдегі “киімі“ үшін жазаланды Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Полиция қызметкерлері TikTok желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкерлері TikTok желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады.

/t.me/POLICE_of_KZ

"Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. Полицияның киімін заңсыз кигені үшін құқықбұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Киім тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Полиция айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киімді, сондай-ақ арнаулы киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) құқықбұзушылыққа жататынын ескертті. Бұл үшін киім тәркіленіп, әкімшілік айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети