Шымкенттік тұрғындар тағы да жер сілкінісін сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік тұрғындар тағы да жер сілкінісін сезді Видеодан алынған кадр

Шымкентте 23 наурызда түнде жергілікті тұрғындар жер сілкінісін тағы да сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 23 наурызда түнде жергілікті тұрғындар жер сілкінісін тағы да сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылардың жедел ақпараты бойынша, 2-3 баллдық жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 02.07-де тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Магнитудасы - 6.5. Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді", - деп хабарлады Шымкент ТЖБ өкілдері.

Жергілікті тұрғындар Шымкенттің орталығында да, қала сыртында да дүмпулерді сезді. Жер асты дүмпулерін көпқабатты үйлердің тұрғындары сезген.

"Мен бесінші қабатта тұрамын. Сол кезде үй жинап жатқан едім. Басында басым айналып кетті деп ойладым. Содан кейін люстра мен шкафтың қозғалғанын байқадым. Анам жүгіріп келді, қабырғадағы сурет құлап түскенін айтты", - дейді Шымкент тұрғыны Динара Асылханова.

"Мен қала сыртында, жеке үйде тұрамын. Бірақ сілкінісін сездім. Сандық қозғала бастады", - дейді Шымкент тұрғыны Диас Ассаубаев.

Еске салайық, бұған дейін 21 наурызда Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезгенін хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети