Шымкенттің 15 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің 15 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды Фото:instagram.com/shymkent_city17

Шымкентте электр желілерінің үзілуінен 14 700 тұрғын жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте электр желілерінің үзілуінен 14 700 тұрғын жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 17 қараша күні сағат 10.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе электр сымдары мен электр қуатының үзілгенін хабарлады. "Оңтүстік Жарық Транзит" мекемесі сол күні жарықсыз қалған 14 700 тұрғынның 7491-іне жарық қосты.

"18 қараша күні сағат 09.00-дегі жағдай бойынша "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС (16 бригада, 59 жұмысшы және 11 бірлік техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, 7159 тұрғынға электр жарығын қосты", - деп хабарлады.

Осыдан кейін тағы 50 абонент жарықсыз қалды. Оларға сағат 13.00-ге дейін энергияны қалпына келтіруге уәде берді.

Еске салайық, 17 қарашада Шымкентті қарлы боран басып қалған болатын. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети