Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың белгісіз пневмониядан қайтыс болуына байланысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың белгісіз пневмониядан қайтыс болуына байланысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің елде статистикамызда ескерілмеген белгісіз пневмонияның қозуына байланысты қандай да бір қауесет пайда болды. Бұл не пневмония, шын мәнінде ол бар ма, жоқ па? Және бұл пневмониядан өлім-жітім қандай?", - деп сұрады Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Цой жауап ретінде статистиканы келтірді.
"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда пневмонияның 98 546 жағдайы тіркелген, ал 2019 жылы 63 436 жағдай тіркелген. Өсім - 55,4 пайыз", - деді министр.
Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта пневмониядан 1772 қазақстандық көз жұмды. 2019 жылдың осы кезеңінде аурудан 1780 өлім тіркелген.
"Бірақ 2020 жылдың маусымында пневмониядан болған өлім саны 2,3 есеге артып, 628 оқиғаға жетті. 2019 жылдың маусымында 274 оқиға болған. Яғни маусымда өлім көрсеткіші 2,3 есеге артты", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі.
"1772 - бұл өте үлкен көрсеткіш", - деді Тоқаев.
Президент Денсаулық сақтау министрлігінің күшін пневмониямен күреске де бағыттау керегін атап өтті.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз оларға мониторинг жүргіземіз. Осы пневмонияны ескере отырып барлық резерв төсектер шығарылады. Өйткені қазір біздегі барлық пациенттің жартысында - белгісіз пневмония, яғни коронавирус теріс нәтиже көрсеткен, бірақ олар стационарларымызда жатыр. Яғни біз мұны, соның ішінде төсекке және жасанды тыныс алдыру аппараттарына деген қажеттілікті ескереміз", - деді Цой.
"Яғни жағдай төтенше? Өлім көрсеткіші өте жоғары. Мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.
"Пневмониядан өлім-жітім жоғары, иә. 2020 жылдың 1-8 шілдесі аралығында ғана пневмониямен 56 809 адам тіркелді. Яғни, бір апта ішінде күрт өсу байқалады", - деп жауап берді Цой.
"Бұл қандай пневмония? Табиғаты қандай?" - деп сұрады Тоқаев.
"Іште оларды бөлдіп жатқыздық. Мұнда вирустық пневмония бар – 7348 жағдай, әдеттегі бактериялық пневмония – 9759, және анықталмаған вирустық пневмония бар, олар коронавирус инфекциясына ұқсас – 39 702", - деп жауап берді Цой.
"Сіздерге қазір тек коронавирустың өзіне емес, сонымен қатар ілеспе ауруларға да күш салу керек. Көзді жұмуға немесе бұл мәселені көлеңкеге қалдыруға тырысуға мүлде болмайды. Адамдар қаза табуда. Қатты ауырып жатыр", - деді Тоқаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!