09 мамыр 2021 | 12:47

Шындыққа жанаспайды - ДСМ Қазақстанда COVID-19 құрбаны көп деген ақпаратқа қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустан қайтыс болғандар саны статистикадан асып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустан қайтыс болғандар саны статистикадан асып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Вашингтон университетіне қарасты Медицина мектебінің IHME Денсаулықты бағалау және көрсеткіштер институты Қазақстанды коронавирустан қайтыс болғандар саны ең жоғары 20 елдің қатарына кіргізген болатын. Агенттік сарапшылары әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың шынайы көрсеткіші ресми мәліметтегі сандардан екі есе көп екенін айтты.

9 мамырда Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында мәлімдеме жариялады.

"ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің  статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны - 4 729 адам. 2021 жылдың 4 айында коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 846 адам болды. Осылайша пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронаврустан 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болған. Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының көрсеткіштерінің дұрыс емес екені айқындалды. (IHME, АҚШ)"

"Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2020 жылы қайтыс болғандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 21,8 пайызға немесе 29 124 адамға артып, 133 489 адамға қарағанда 162 613 адам тіркелген. Осылайша артық өлім-жітім жағдайы - 29 124. Бұл институт мәлімделген көрсеткіштерді жоққа шығарады", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство мәліметі бойынша, коронавирустан бөлек 4 729 адам немесе 16,2 пайызды қоспағанда, адамдар басқа да себептен қайтыс болып жатыр: қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар.

"COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау" денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (IHME, АҚШ) жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректері Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Вашингтон университетіне қарасты Медицина мектебінің IHME Денсаулықты бағалау және көрсеткіштер институты Қазақстан коронавирустан қайтыс болғандар саны ең жоғары 20 елдің қатарына кіретінін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети