Шынымды айтсам, өте өкінішті - Назарбаев Бишімбаев жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шынымды айтсам, өте өкінішті - Назарбаев Бишімбаев жайлы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев лауазымды тұлғаларға қатысты 2 200 қылмыстық іс жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев лауазымды тұлғаларға қатысты 2 200 қылмыстық іс жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жемқорлықпен табанды күресті жалғастыру қажет. Соңғы екі жылдың ішінде 2 200 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде, өздеріңіз білетіндей, министрлер, облыс әкімдері, барлық деңгейде, ведомство басшылары бар", - деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Нақты айтсақ, сотта қазіргі уақытта ұлттық экономика экс-министрі мен "Қазақавтожол" бас директорына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев... Шынымды айтсам, өте өкінішті. Оқыттық, "Болашақпен" оқып келді, сол жаққа барды, енді міне. Осындай адамдарды дайындауға көп уақыт, ақша кетеді...", - деді Назарбаев. 

Ұлттық экономика экс-министрінің ісі бойынша 23 адам іске тартылып отыр. Қуандық Бишімбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі және 28-бабының 3-пункті, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті бойынша қаралып жатыр.  

Айта кетейік, экс-министр барлық айыптауды жоққа шығарып отыр, ол бұл істе дәлел жоқ дейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети