ШЫҰ саммиті барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШЫҰ саммиті барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кездесу барысында екі елдің көшбасшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жөнінде келіссөздер жүргізді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарына қатысты да бірқатар мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты пікір алмасты" - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап: "Біздің елдеріміз отын-энергетика саласында белсене ынтымақтасуда. Бүгінде Қазақстан мұнайының 20 пайызын қытай компаниялары өндіруде. Қазақстан-Түрікменстан-Қытай газ құбыры да жақсы жұмыс істеп тұр" – деді. Ал, ҚХР Төрағасы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының оң қарқынын атап өтіп: "Биылғы мамырда Сіз Қытайға табысты мемлекеттік сапармен барып, АӨІСШК саммитіне қатыстыңыз. Біздің Сізбен арамыздағы халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы уағдаластықтарымыз белсенді түрде іске асып жатыр. Өзара іс-қимыл жалғасын табатын болады деп үміттенемін. Екі елдің игілігі жолында ынтымақтастығымызды жалғастыру үшін біз бар күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз", – деген.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасын Қытай Халық Республикасының алдағы 65 жылдығымен құттықтап қытай халқына табыс пен бақ-береке тіледі.