Си Цзиньпин Қазақстан туралы мақала жазды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: kazpravda.kz Фото: kazpravda.kz

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанмен достық және Нұр-Сұлтанға алдағы сапары туралы мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанмен достық және Нұр-Сұлтанға алдағы сапары туралы мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап.

Си Цзиньпин Қазақстанға төртінші рет келіп отырғанын және кейінгі сапары бес жыл бұрын болғанын атап өтті.

"Сіздің еліңіз шексіз даласы, асқақ таулары және өзендері, өте қонақжай халқымен танымал. Алдағы сапардан үлкен үміт күтемін. Қытай мен Қазақстанды таулар мен өзендер байланыстырады, тату көрші, шынайы дос және сенімді серіктес. Достық байланыстардың мыңжылдық тарихын бөлісетін халықтарымыз Ұлы Жібек жолының тамаша дәуірінің куәгерлері", - деп жазды ол.

Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр.

"Ортақ қауіпсіздігімізді қорғау маңызды. Қытай Қазақстанмен сыртқы араласу әрекеттеріне табанды түрде қарсы тұруға, аймақтағы тұрақты бейбітшілік пен ұзақ мерзімді тұрақтылықты бірлесіп қолдауға дайын. () Біздің елдеріміз мемлекеттік егемендік, қауіпсіздік және аумақтық тұтастыққа қатысты негізгі мәселелер бойынша әрқашан бір-біріне берік қолдау көрсетеді", - деп жазды Си Цзиньпин.

Қытай Халық Республикасының басшысы елдер бір-біріне қолдау мен көмек көрсету қағидасынан ешқашан ауытқымағанын және тату көршілік қарым-қатынастарды дамытудың лайықты үлгісін көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Ол қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, былтыр екіжақты тауар айналымы пандемияға дейінгі деңгейге оралып, 25 миллиард доллар болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол 21,2 миллиард доллардан асатын 52 бірлескен жобаның әзірленгенін атап өтті. Мысалы, 100 мегаваттық Жаңатас жел электр станциясы, JAC автомобиль құрастыру желісі, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда Қытайдың дәстүрлі медицина орталығы мен Лу Бан атындағы шеберхана ашылатынын хабарлады.

Ол Қытай мен Қазақстан арасындағы ортақ тағдыр қауымдастығына баса назар аудара отырып, алдағы 30 жылда екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жаңа парадигмасын қалыптастыру қажет екенін айтты.

Еске салайық, Си Цзиньпин Нұр-Сұлтанға 14 қыркүйекте келеді. Қазақстан мен Қытай басшылары жан-жақты қазақстандық-қытайлық стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro