Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Си Цзиньпин Қазақстанға келеді Фото ©РИА Новости

Қыркүйекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 14 қыркүйекке жоспарланған. Сапар барысында мемлекет басшыларының екіжақты келіссөзі өтеді деп жоспарланып отыр, ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады", - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети