Шілденің алғашқы күндері жаңбырлы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілденің алғашқы күндері жаңбырлы болады

Қазақстанда шілденің алғашқы күндері жаңбырлы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда шілденің алғашқы күндері жаңбырлы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қазақстанның ауа райына бұған дейін Ресейдің еуропалық бөлігіне жаңбыр мен суықты әкеліп, кейін Орал тауына, Қазақстанға қарай ауған циклон әсер ететін болады. Соған байланысты 1-3 шілде күндері республиканың солтүстік облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы және секундына 15-20 метр жел соғуы мүмкін. Күндізгі ауа температурасы 15-23 градустан жоғарыламайды.

Мұндай ауа райы еліміздің басқа өңірлерінде де байқалады. Елдің орталық және шығыс бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауады. Күшті жел соғып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде бұл күндері найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Ауа температурасы 27-35 градус шамасында болады. Қазақстанның батысында 1-3 шілде күндері жаңбыр басылып, температура 28-37 градусқа дейін жоғарылайды.

Еске сала кетейік, маусым айының соңғы күндері Қазақстанда шамадан тыс ыстық болған еді. Елдің барлық аумағында дерлік ауа температурасы 30 градустан жоғары болды, оңтүстік және орталық өңірлерде сынап бағанасы 40-43 градусты көрсетті. Мұндай температура нормадан 2,6 градусқа жоғары саналып отыр.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети