СІМ басшысының орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ басшысының орынбасары тағайындалды © karaganda-region.gov.kz

Қазақстан сыртқы істер министрі басшысының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан сыртқы істер министрі басшысының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде. 

Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі - экономист. 2009 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі болды.

2004-2006 жылдары Ақтау халықаралық теңіз сауда портының ішкі аудит жөніндегі маманы, Инвестициялар жөніндегі инженері, Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы болды.

2006-2012 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы, президент протоколының сарапшысы (Президент Әкімшілігі) болды.

2012-2014 жылдары - "БХК Инжиниринг" компаниясының басқарушы директоры ("Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы). Ал 2014-2017 жылдары - Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары, Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарушы директоры - басқарма мүшесі болған.

2017 жылғы 28 маусымда Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылы мамырда ол пышақ жарақатын алған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети