Сингапурлық инженерлер Клод Моне шедеврының нанокөшірмесін жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сингапурлық инженерлер Клод Моне шедеврының нанокөшірмесін жасады Фото: American Chemical Society

Сингапурлық инженерлер Клода Моненің "Әсер. Жаңа шыққан күні" атты шедеврының ені 300 микрометр ( метрдің миллионнан бір бөлігі) нанокөшірмесін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып. 


Сингапурлық инженерлер Клода Моненің "Әсер. Жаңа шыққан күні" атты шедеврының ені 300 микрометр ( метрдің миллионнан бір бөлігі) нанокөшірмесін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бұл көркем сурет шығармаларының ең кішкентай көшірмесі. Плазмондық бояулардың жаңа технологиясының арқасында (плазмондар - квазибөлшектер) ғалымдар тура түпнұсқадағы түсті шығара алды. Сингапурдегі технология және дизайн университетінің ғалымы  Джоэль Ян кремний кішкене бағаналарын қолданған, оның үстінен жұқалап алюминий құйған. Бағаналарға түскен жарық электрондық толқындар тудырады, бұл белгілі бір жиіліктегі жарық шығарады. Ғалымдар төрт бағанадан тұратын пикселдер орнатып, 300-дей түс шығарған.  

Басылымда жазылғандай, бұрынғы плазмондық картина техниктері алтын мен күміске "сурет салған", сонда бар болғаны 15 түспен шектелген. Жаңа әдіс бұрынғылардан әлдеқайда арзанға түседі, әрі нанопиксельдерден белгілі картиналардың көшірмесін жасауға мүмкіндік береді. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети