17 шілде 2020 | 20:13

"Синий кит" өлім ойыны Англияда тарай бастады

© FOR.kg

Нортгемптоншир (Англия) графтығының полицейлері ата-аналарды әлеуметтік желілерде жасөспірімдер арасында өлім ойыны талап жатқанын ескертті, - деп хабарлайды Northampton Chronicle.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нортгемптоншир (Англия) графтығының полицейлері ата-аналарды әлеуметтік желілерде жасөспірімдер арасында өлім ойыны талап жатқанын ескертті, - деп хабарлайды Northampton Chronicle.

"Бізге әлеуметтік желілерде "Синий кит" деп аталатын челлендж тарап жатқаны белгілі болды. Ол жасөспірімдерге 50 тапсырма жасауды ұсынады, ал соңында бала өзін-өзі өлтіруі керек болады", - деп жазылған хабарламада. Полиция өкілдері бұл ойында Джонатан Галиндо есімі бар екенін атап өтті. Бұл Микки Маустың немесе иттің костюмін киетін адам.

Реклама
Реклама

Ақпарат бойынша, тапсырмалар жекеге хат жіберу немесе әлеуметтік желілерде жазба арқылы беріледі.

"Балаларға мұның қауіпті екенін түсіндіруді өтінеміз, олар мұндай күдікті хабарламаларға еш жағдайда жауап бермесін", - делінген жарияланымда.

Еске салайық, бұл қауіпті ойын 2016 жылы Ресейде пайда болған. Синий кит" немесе "Дом китов" қатысушыларға 50 күн ішінде 50 тапсырма береді. 50-ші күннің тапсырмасы - өз-өзіңе қол жұмсау.

Ойын қазақстандық жасөспірімдер арасында да белең алған еді. 2017 жылдың басында "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная