05 ақпан 2017 15:29

Қазақстандықтар балалардың телефонын "өлім ойынына" тексеруге шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен. 

"Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңыздың жүріс-тұрысына мән беріңіз және де ұялы телефонына қараңыз. Қазіргі уақытта "Синий кит" немесе "Тихий дом" ойындары тарап жатыр. Балаларды хат алмасу арқылы басқарып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін апарады. Абай болыңыздар", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Желі қолданушыларының бірі тәжірибе жүргізіп ойынға қатысып көрген. Өз зертеуінің қорытындысымен ол басқада қолданушылармен бөліскен. 

"Маған осы ойынның қалай жүретіні қызық болды, неге 50 күн өткеннен кейін балалар өздеріне қол жұмсайды? Сонымен досымыз екеуіміз ВКонтакте желісінде екі жалған аккаун аштық, маған бір адам шықты және досыма да. Екі түрлі адам шығып, күнде тапсырмалар бере бастады. Бірінші тапсырма қолға көк киттің суретін салу болды. Құдайға шүкір фотошоп барлығын істеп берді. К.н сайын жаңа тапсырмалар беріле бастады. Соңғы 50-ші күні таңдау керек болды. "Асылып өлу" немесе "секіріп өлу". Ойынның соңы өлім. Сол кезед мен қорқатынымды айттым, маған бір сілтеме келді. Сілтемені басқанымда "404 бет табылған жоқ" деген жазу шықты. Осыдан кейін 10 минут уақыт өткенде ол маған былай деп жазып жіберді: "Егер өз-өзіңе қол жұмсамасаң, мен сенің ата-анаңды өлтіремін", - деп менің мекен жайымды қай пәтерде тұратынымды жазып жіберді. Сол кезде маған олардың қалай жасайтынына көзім жетті", - деп жазды қолданушы. 

Ол осындай қайғылы оқиғаға тап болмас үшін, осы хабарламаны барлық жерге таратуды сұрады. "Балалардың психикасы басқаша, үйдегі мәселелер тағы басқа. Ойынды ойнап жүріп соңында олар маған ұсыныс жасағандай жасайды. Менің ойымша көп адамдар оны істеуге қарсылық білдірген, алайда сіз сілтемені басқан уақытта олар баланың қайда тұратынын біледі. Сосын ары қарай, егер сен өзіңе қол салмасаң, біз сенің ата-анаңмен жақындарыңды өлтіреміз. Міне менің мысалым: "Егер сен өзіңе қол жұмсамасаң, біз саған көмектесеміз. Сен ойынға кірдің, шығатын жер жоқ. Сен мынадай көшеде, мынадай пәтерде тұрасың. Біз сені аңдып жүрміз. Егер ата-анаңды жақсы көрсең, әрекет ет. Әрине осы кезде баланың миы шайқалып, ол сондай әрекетке барады. Ал онымен жазысып жүрген адамның мүлдем басқа қалада тұратынын ешкімде білмейді. Өзінің мекен-жайын білетінін оқыған кішкентай баланың өмірі қиылады", - деді қолданушы. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети