15 қыркүйек 2018 | 16:49

Синоптиктер 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Синоптиктер жексенбі, 16 қыркүйекте ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер жексенбі, 16 қыркүйекте ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, ертең антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың солтүстігінде, батысында және шығысында фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауылмен жел соғады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

"Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарында күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел соғады. Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді. Қостанайда, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети