Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады © news.1777.ru

Синоптиктер дүйсенбі, 19 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер дүйсенбі, 19 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Мамандардың хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

"Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді", - деп ескертті метеорологтар.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети