"Қазгидромет" РМК 2017 жылдың 19 қаңтарына арналған ҚР бойынша ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК 2017 жылдың 19 қаңтарына арналған ҚР бойынша ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға қарағанда, Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады.
Ауа температурасы батыста күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз, солтүстік-батыста күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз, солтүстікте және орталықта түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз; шығыста түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз және оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей жерлерде 15-20 аяз, күндіз 0-5 жылы, кей жерлерде 1-6 аяз.
Ал Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауаның температурасы түнде -20-22 градус, күндіз -10-12 градус болады.