02 маусым 2024 | 10:16

Синоптиктер 2 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.kz tengrinews.kz

Қазгидромет Қазақстанның екі қаласы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет Қазақстанның екі қаласы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 2 маусымда Алматы, Ақтөбе қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Синоптиктер сондай-ақ Қазақстан аумағы бойынша 2 маусымға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"ҚР аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты найзағаймен жаңбыр жауады, күндіз шығыста қатты жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстікте, оңтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін", - деді метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети