Синоптиктер дүйсенбі, 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер дүйсенбі, 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, ертең Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік-шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-23 метр болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Атырау облысында да күндіз жел күшейеді", - деді синоптиктер.
Сонымен қатар, Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жел мен бұрқасын болады.