Синоптиктер 2018 жылдың соңғы күнінде ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2018 жылдың соңғы күнінде ауа райы қандай болатынын айтты © Николай Колесников

Синоптиктер 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" мәліметтері бойынша, 2018 жылдың соңғы күнінде Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады және жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

"Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді", - дейді метеорологтар.

Сонымен қатар, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети