21 наурыз 2018 17:14

Синоптиктер 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sputniknews.kz © sputniknews.kz

Синоптиктер 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Синоптиктер 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" орталығының мәліметтері бойынша, ертең, 22 наурызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік бөлігінің кей жерлерінде найзағай болуы ықтимал.

"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, дауыл болуы мүмкін. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында да жел күшейеді", - деп ескертті метеорологтар.

Сонымен қатар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай болып, жел күшейеді, түнде Жамбыл облысында тұман күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, дауыл болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети