Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті © Pagodavmire.ru

Синоптиктер алдағы демалыс күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" кәсіпорны 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы демалыс күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" кәсіпорны 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы шығысқа жылжыған салқын атмосфералық фронттар алдағы тәулікте бірқатар облысқа жауын-шашын алып келеді.

"Бұл салқын атмосфералық фронттар оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарына күшті жауын-шашын алып келеді. Салқын фронттардың артынан батыстан басталған антициклон таралады, осыдан кейін Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашын тоқтауы ықтимал және көктемгі жылы ауа райы күтіледі. Тек қиыр солтүстік пен шығыста аздаған жауын-шашын әлі сақталады", - деп хабарлады синоптиктер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети