Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты © Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанда 18-20 мамырда ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 18-20 мамырда ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Салқын антициклондардың Қазақстанның солтүстік аумақтарына таралуына байланысты сол аумақтарда ауа температурасы төмендеп, күн суық болады деп болжанып отыр. Осылайша, алдағы екі тәулікте салқын антициклондар солтүстік  аумақтарда сақталады. Сондай-ақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде де арктикалық фронттар сақталады. Бұл аумақтарда жауын-шашын болып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын мен бұршақ жауады. Бірақ ауа температурасы қалыпты нормадан жоғары болады", - деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында өткінші жауын-шашын, найзағайлы болады, бірақ ауа температурасы жоғары болады. Өткен тәуліктерде, яғни, 16 мамырда күндізгі уақытта ауа температурасы +13-20 градус болса, алдағы үш тәулікте ауа температурасы 22-30 градусқа дейін жоғарылайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети