Синоптиктер алдағы күндері қандай ауа райы болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндері қандай ауа райы болатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 17-19 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 17-19 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашынды ауа райы болады.

Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклон жылжып, кейін уақытша жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуін алып келеді.  Одан кейін 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте кей жерлерде ылғалды қарға айналатын жаңбыр және батыста температура 0+5 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді. Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның жылжуына қарай солтүстік-шығысқа найзағайлы жаңбыр және республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысына күннің суытуын алып келеді, 19 сәуірде түнде және таңертең жаңбырдың сулы қарға айналуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети