Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты © Тengrinews.kz

Синоптиктер 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің болжамына қарағанда, алдағы үш күнде Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

"Батыс облыстарға жаңбыр әкелген атмосфералық фронттар шығысқа қарай жылжи отырып, республиканың солтүстік облыстарына жаңбыр әкеледі. Қазақстанның қалған аймақтарында ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады", - деді синоптиктер.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста ауа температурасы жоғарылап, солтүстік және орталық облыстарда күн аздап суытады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети