Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Таяу күндері Қазақстан аумағына Шығыс Еуропадан антициклон келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяу күндері Қазақстан аумағына Шығыс Еуропадан антициклон келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Батыс Сібір мен Қазақстан арқылы өткен атлантикалық циклон республикамыздың солтүстігінде қарлы боран мен желдің күшеюін тудырды, кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 36 метрге дейін жетті. Алайда 10 желтоқсанда бұл циклон Батыс Сібірдің солтүстік-шығысына ауысып, Қазақстан аумағына Шығыс Еуропадан антициклон келеді.

"Осыған байланысты таяу күндері қар мен боран және дауыл басылып, есесіне ауа температурасы төмендейді. Дегенмен ол климаттық нормадан жоғары болады, бірақ бұған дейін болғандай 8-13 градус емес, 2-5 градус", - деп хабарлады метеорологтар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер биылғы қысқа болжам жасаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети