Синоптиктер 2016 жылдың 23-25 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап
Синоптиктер 2016 жылдың 23-25 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап
Cиноптиктердің мәліметінше, Қазақстан алдағы үш тәулікте антициклонның иелігінде болады. "Сондықтан ендігі жаздың соңғы онкүндігі болса да, ауа райы жазғы күндегідей жылы және жауын-шашынсыз болады. Батыс облыстарда ыстық шамалы түседі, қалған аумақтарда ауа температурасы көтерілуі болжанып отыр", - деп хабарлады мамандар.
Сондай-ақ, республикада аномальды температура 2-6 градусқа климаттық нормадан жоғары болатыны айтылады.
Осыған дейін синоптиктер консультациялық болжамның шешімі бойынша бірінші және екінші онкүндігінің бірінші жартысы жылы әрі жауын шашынсыз болатыны хабарланған болатын. Ал, екінші және үшінші онкүндігінің соңында суық әрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған қарамастан солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін.