© Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, қар жаудырып, боран соқтырған атмосфералық фронттар Қазақстан аумағынан кетіп барады. Олардың орнына республиканың басым аумағына 22 және 23 ақпанда ауа райын анықтайтын антициклон келеді.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде аз бұлтты, ауа температурасы климаттық мәндерден 3-6 градус жоғары болатын жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде", - дейді синоптиктер.