Синоптиктер 3-5 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 3-5 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Алдағы үш күнде Таймыр түбегінен енетін суық ауа массаларына байланысты еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Мұндай ауа-райы тіпті еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында да айналып өтпейді", - деді синоптиктер.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде 0 ... 8 аяз, күндіз 0 ... 5 градусқа дейін төмендейді; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 3 аяз ... 5 градусқа дейін, күндіз 5... 13 градусқа дейін төмендейді.
Ал еліміздің батыс өңірінде антициклонның ықпалымен ашық ауа райы күтіледі.
"Ауаның температурасы түнде 3 аяз...5 жылыға дейін, күндіз 8...16 жылыға дейін жоғарылайды. Жұмаға қарай Жерорта теңізінен оңтүстік-батыс және батыс ауа ағымдарымен Қазақстанның бүкіл аумағына жылы ауа массалары енеді. 7-10 қазан аралығында ашық және ең жылы күндер орнайды. Ауаның күндізгі температурасы : солтүстікте + 10 ... + 18 градус, ал оңтүстікте + 20 ... 27 градусқа дейін жоғарылайды. Еліміздің батысында күндізгі ауа температурасы 18 ... 23 ° C қолайлы, ашық ауа райы ұзаққа созылады", - деді "Қазгидромет" мамандары
Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, кезекті ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі және уақытша қар жамылғысының орнауы айдын ортасында және соңында күтіледі.
Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында айтарлықтай суық болады (нормадан 1 градусқа төмен); ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында күтіледі.
Жауын-шашынның айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде нормадан көп болуы күтілуде; Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктерлі аудандарда - норма шамасында, ал қалған аймақтарда - нормадан аз жауады.