Синоптиктер 30 қаңтар-1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 30 қаңтар-1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, жақында елімізде күн жылынады.
"Алтайда орналасқан суық және күшті антициклон әдеттегідей Қазақстанның ауа райының өзгеруін анықтайды. Сондықтан демалыс күндері ауа температурасы нормадан республиканың көптеген облыстарында 8-15 градусқа дейін, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығысында 17...22 градусқа деін төмендеді. Бірақ қатты аяз бәсеңдеп, 29 қаңтарда республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы - 20..27 градус аралығында болды", - дейді мамандар.
Сондай-ақ, алдағы үш тәулікте Атлантика мен Қара теңізден жылжыған жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен температураның көтерілуі тек батыс және солтүстік аймақтарда ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында да күтілетіні айтылады.