Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда 13-15 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 13-15 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, күн суытады.

"Алдағы үш күнде республиканың басым облыстары биік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын, соңы қарға айналатын жаңбыр, сонымен қатар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді. Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7 градусқа төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады", - деді синоптиктер.

12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстары бойынша жауын-жашын (жаңбыр басым), кей жерлерде қатты түсуі күтілуде. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. 

Сондай-ақ, 12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде мұздық құбылыстардың әлсіреп, өзен арналары қысылып, судың көтеріліп жайылуы шығуы мүмкін екені айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети