01 қазан 2018 | 11:47

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2-4 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2-4 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта жаңбыр күтіледі.

"Демалыс күндері климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары ауа температурасымен аномальді жылы ауа райын ұстап тұрған антициклон Батыс Сібірдің оңтүстікке жылжыды. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар жылжиды. 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде жаңбыр күтіледі", - деп болжады "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының 0-5 градусқа дейін төмендейтіні айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети