Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты © kmvcity.ru

Синоптиктер 1-3 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 1-3 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері бұлтты және жауын-шашынды ауа райы болады.

"Күздің соңғы айы Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынмен және күннің суытуымен басталады. Алдағы екі тәулікте солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын және температураның төмендеуін тудырған суық атмосфералық фронт оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстардағы ауа райына ықпал етеді. Мұнда жауын-шашын, әсіресе қар, таулы және тау бөктері аудандарында қатты қар, тұман, көктай-ғақ және температураның төмендеуі күтіледі. Ал республиканың солтүстік бөлігіне алдымен жылы, содан кейін Баренц теңізі аудандарынан арктикалық суық фронт жылжи бастайды", - деді  "Қазгидромет" өкілдері.

Тек республиканың батыс облыстары антициклон аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және ауа температурасы шамалы көтеріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети