Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

16 қыркүйектен бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында жаңбыр жауады. Бұл - Екатеринбург аудандарынан келетін циклонның атмосфералық фронталь жүйелеріне байланысты. Қазақстанның қалған аумағында, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп болжанған.

"Батыста түнде 3-11-ден 1-9 градусқа дейін жылы, күндіз 15-23-тен 10-18 градусқа дейін жылы, солтүстік-батыста түнде 7-12-ден 2-7 градусқа дейін жылы. 18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік, күндіз 17-25-тен 10-17 градусқа дейін жылы, солтүстікте түнде 8-13-тен 2-10 градусқа дейін жылы болады. Өңірдің орталығы мен шығысында 5-15 градус жылы, күндіз температура 20-28-ден 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-35 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети