Синоптиктер 2016 жылдың 15-17 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылдың 15-17 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райы барысы Екатеринбург маңында орналасқан циклонға байланысты болады. Сондықтан көп облыстарда найзағайлы өткінші жаңбыр және екпінді жел күтіледі, сонымен қатар бірқалыпты жылы болады.
"Оңтүстігімізде найзағайлы, өткінші жаңбырға қарамастан жазғы күндей жылы болып қала береді. Тек Шығыс өңір, жоғары атмосфералық қысым әсерінде болады. Бұл жерлерде ашық, жылы ауа райы күтіледі", - деп хабарлады мамандар.
Осыған дейін қыркүйек айында ауа райы қандай болатыны айтылған еді.