1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты26 желтоқсан 2016, 12:46

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2016 жылдың 27-29 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінің ауа-райын оңтүстік циклон анықтайтын болады. Республиканың көптеген облыстарында қар жауып, боран соғып, ауа  температурасы көтеріліп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі", - деп хабарлайды мамандар.

Алайда, мамандардың айтуынша, 28 желтоқсанда циклонның ту сыртынан Қазақстан бойынша антициклон тарай бастайды. Антициклонның ықпалынан 29 желтоқсанда шығыс және солтүстік облыстарда басымырақ, қысқа мерзімді суық болжанады.