Синоптиктер Қазақстанда 18-20 мамырда ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер Қазақстанда 18-20 мамырда ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Салқын антициклондардың Қазақстанның солтүстік аумақтарына таралуына байланысты сол аумақтарда ауа температурасы төмендеп, күн суық болады деп болжанып отыр. Осылайша, алдағы екі тәулікте салқын антициклондар солтүстік аумақтарда сақталады. Сондай-ақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде де арктикалық фронттар сақталады. Бұл аумақтарда жауын-шашын болып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын мен бұршақ жауады. Бірақ ауа температурасы қалыпты нормадан жоғары болады", - деді мамандар.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында өткінші жауын-шашын, найзағайлы болады, бірақ ауа температурасы жоғары болады. Өткен тәуліктерде, яғни, 16 мамырда күндізгі уақытта ауа температурасы +13-20 градус болса, алдағы үш тәулікте ауа температурасы 22-30 градусқа дейін жоғарылайды.