Синоптиктер 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК өкілдерінің болжамына қарағанда, алдағы үш күнде Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынды болады.
"Батыс облыстарға жаңбыр әкелген атмосфералық фронттар шығысқа қарай жылжи отырып, республиканың солтүстік облыстарына жаңбыр әкеледі. Қазақстанның қалған аймақтарында ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады", - деді синоптиктер.
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста ауа температурасы жоғарылап, солтүстік және орталық облыстарда күн аздап суытады.