Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері 10-13 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қазгидромет" синоптиктері 10-13 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл күндері оңтүстік циклон Қазақстанға әсерін сақтайтыны хабарланды. Республиканың көп бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, солтүстік және солтүстік-батыста нөсер болуы мүмкін. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ 11 тамызда СҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл жерде жаңбыр жауып, қатты жел соғады. 

Еске салайық, Қазақстанның 8 облысында және Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама