10 тамыз 2020 11:34

8 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: oren.mk.ru Фото: oren.mk.ru

Қазақстанның 8 облысында және Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.


Қазақстанның 8 облысында және Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

10 тамызда Нұр-Сұлтанда найзағай соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және күндіз оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Осы күні Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Түнде солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде желдің екпіні 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз облыста өрттің жоғары қаупі сақталады.

Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

10 тамызда Қостанай облысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және күндіз тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Осы күні Қостанайда найзағай соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Оралда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ке жетуі мүмкін.

10 тамызда Түркістан облысында күндіз найзағай ойнап, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Кей жерлерде өрттің жоғары қаупі сақталады.

10-12 тамыз аралығында Жамбыл облысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Осы күндері Таразда оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с болады. 

10 тамызда Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні - 15-20 м/с. Осы күні Павлодарда күндіз және таңертең найзағай соғып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.

10 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды әрі кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с. Тіпті, оның екпіні 23 м/с күшеюі мүмкін.

Осы күні Петропавлда тұман түсіп, найзағай соғады. Күндіз бұршақ жауып, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 

10 тамызда Атырауда солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети