Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 5 қала тұрғындарына ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 5 қала тұрғындарына ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бес қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бес қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 19 сәуірде Ақтөбе, Астана, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.77  course up  579.41  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети