Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Казгидромет алматылықтарды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Казгидромет алматылықтарды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылы 16 тамызда Алматыда, түнде Атырауда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Синоптиктер сондай-ақ 16 тамызға арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен ҚР басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында тұман болады", - деді метеорологтар.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети