13 желтоқсан 2016 | 13:30

Синоптиктер Алматыда желтоқсан айында жаңбырдың неге көп жауғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қысқы жаңбыр © Әлішер Ахметов Қысқы жаңбыр © Әлішер Ахметов

Алматы және алматы облысында 4-8 желтоқсан аралығындағы жаңбырлы күндер Жерорта теңізі мен Орта Азия аумағынан келген жылы ауа массаларының келуімен байланысты болды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-нің Tengrinews.kz редакциясына ресми сауалына берілген жауабында айтылған. 4 желтоқсанда Алматыда жаңбырдан жекеменшік үлердің аулалары мен "Жібек жолы" базарында су жиналып қалған еді. Жаңбыр 8 желтоқсанға дейін жалғасқан.

Иконка комментария блок соц сети

Мамандардың болжамынша, қаңтар мен ақпан айларында жаңбырдың болуы, не болмауы синоптикалық жағдайға байланысты. "Оңтүстік Каспий циклоны шығысымен қыста ауа температурасы жылынып, қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін", -  дейді ведомство өкілдері.

Синоптиктер 4 желтоқсандағы жаңбырлар 2016 жылдың 3 желтоқсанында Жерорта теңізінің шығыс бөлігінен жылуымен мен ылғалдығы жоғары белсенді циклон Қазақстанның батыс бөлігіне қарай ығысып, кейін солтүстік шығысқа қарай жылжуын жалғастырған. Алматы тауларының әсерінен бұллттар пайда болып, арты қатты жауынға айналды. Тек таулы аймақтарда ғана ол жауын-шашындар қар күйінде түсті. Жалпы 4 желтоқсанда Алматыда 0,0-ден 14 миллиметрге дейін шауын-шашын түсті. Түнде ауа температурасы Алматыда +4,8, ал күндіз +12,3 градус болған.

Ал 8 желтоқсандағы жаңбырлар Орта Азиядан келген циклондармен байланысты болған екен. 

"Қазгидромет" РМК Климаттық зерттеу басқармасының басшысы Светлана Долгих Алматыдағы климаттың субтропикалықтағы күн райына ұқсап бара жатқанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети